ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІ – АУДАН ӘКІМІНІҢ БАҚЫЛАУЫНДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Тұрғындардың талап-тілегіне дер кезінде назар аударып, көтерілген мәселелерді заң талаптарына сәйкес шешу – халыққа қызмет етудің басты қағидаларының бірі. Осы бағыттағы жұмыстар Төлеби ауданында жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.
 
Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өткізді. Қабылдау барысында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді жеткізіп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
 
Қарақия елді мекенінің тұрғындары ауыл халқының ортақ жайылымына өткен 177 гектар жерді кооперативтің иелігіне беру және елді мекендегі 4,6 шақырым аумаққа су ағар орнату мәселесін көтерді.
 
Аудан әкімі әрбір өтінішті мұқият тыңдап, көтерілген мәселелерді қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жан-жақты зерделеуді тапсырды. Сондай-ақ, жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, мәселелерді заң аясында шешу бағытында тиісті жұмыстарды ұйымдастыруды міндеттеді.
 
Қабылдау барысында көтерілген барлық мәселе бақылауға алынып, олардың орындалу барысы тұрақты түрде қадағаланатын болады.
 
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1248536?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version