ТҰРҒЫННЫҢ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов азаматтарды жеке қабылдау аясында тау бөктерінде орналасқан Жоғарғы Қасқасу ауылынан келген тұрғынды қабылдады.
 
Қабылдау барысында ауыл тұрғыны тұрғын үйге арналған жер теліміне қатысты туындаған түсінбеушіліктерді айтып, мәселені заң талаптарына сәйкес шешуге ықпал етуді сұрады.
 
Аудан әкімі тұрғынның өтінішін мұқият тыңдап, мәселенің мән-жайын жан-жақты зерделеу үшін жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар, өтініштің қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қаралатынын және оның орындалуы бақылауда болатынын атап өтті.
 
Азаматтарды жеке қабылдау – тұрғындардың талап-тілектерін тыңдап, өзекті мәселелерді заң аясында шешуге бағытталған маңызды жұмыстардың бірі. Осы бағыттағы қабылдаулар тұрақты түрде өткізіліп келеді.
 
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1249860?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version