ТЖД ата-аналарға шұғыл үндеу жасады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысы аумағында соңғы күндері су айдындарында балалардың қаза болуымен байланысты төрт қайғылы жағдай тіркелді. Атап айтсақ, Кербұлақ ауданындағы Аралтөбе су қоймасында 2 бала, Қаратал ауданы, Қаратал өзенінде 2 жасар бала және Балқаш көлінде жабайы жағажайда 3 жасар бала суға кетіп қаза тапты. Бұл жағдайлардың барлығы шомылуға жабдықталмаған орындарда орын алған, ал трагедиялардың басты себебі – балалардың үлкендердің қарауынсыз қалуынан болған.
Осыған байланысты облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өңір тұрғындары мен ата-аналарға шұғыл үндеу жолдады. Мамандардың мәлімдеуінше, жазатайым оқиғалардың басты себебі – кәмелетке толмаған балалардың үлкендердің қарауынсыз қалуы және шомылуға тыйым салынған, жабдықталмаған орындарда суға түсуі болып отыр.
ТЖД қызметкерлері халық арасында түсіндіру жұмыстарын, рейдтерді тұрақты түрде жүргізіп, жадынамалар таратып жатқанына қарамастан, қайғылы оқиғалар тыйылар емес. Осыған байланысты, құтқарушылар ата-аналардан балаларды су маңында жалғыз қалдырмауды, олардың қайда жүргенін қатаң бақылауды сұрайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-comdev/press/news/details/1250299?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version