ҮШТӨБЕЛІК ОҚУШЫЛАР ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫН СУ ЖАҢА МЕКТЕПТЕ ҚАРСЫЛАЙДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Ақжайық ауданы Жамбыл ауылдық округіне қарасты Үштөбе ауылында салынып жатқан 60 орындық шағын жинақты мектепте болды.

Ғимарат құрылысы былтыр тамыз айында басталған. Жоба құны 850 млн теңге. Әлеуметтік нысанның басты ерекшелігі металл қаңқадан құрастырмалы негізде жасалған. Қабырғалары өртенбейтін панельдермен қапталған.

Қазіргі таңда құрылысшылар ішкі жұмыстар мен абаттандыру шараларына кіріскен. Мұнда 25 адам жұмыспен қамтылған. Бұл іске жергілікті тұрғындар да тартылған.

Білім ордасында 69 бөлме болады. Оның ішінде сыныптардан бөлек, мәжіліс және спорт зал, кітапхана, асхана, шеберханамен қамтылады. Мектеп алды даярлық тәрбиеленушілеріне де жайлы жағдай жасалады.

Бүгінде құрылыс жұмыстары 70 пайыз дайын. Облыс әкімі мектепті тамыз айының ортасына дейін сапалы аяқтауды тапсырды. Одан бөлек, «Қаладан – ауылға» өңірлік бағдарламасы арқылы оқушылар санын көбейту бойынша аудан басшылығына нақты тапсырма берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-akzhaik/press/news/details/1250317?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version