Ұлттық спорт түрлері бойынша “Қызылжар-2026” спартакиадасы 30-шы облыстық халық спорты ойындары бағдарламасында

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 23–27 маусым аралығында Есіл ауданының Явленка ауылында XXX облыстық халықтық спорт ойындары аясында ұлттық спорт түрлерінен «Қызылжар–2026» облыстық спартакиадасы өтті.

Аталған жарыста Мағжан Жұмабаев ауданының намысын 50-ден астам спортшы қорғап, ұлттық спорттың 10 түрінен сынға түсті. Атап айтқанда: көкпар, теңге ілу, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, аударыспақ, бес асық, асық ату, садақ ату және бәйге.

Жалпыкомандалық есепте 13 ауданның ішінде Мағжан Жұмабаев ауданының құрамасы 8-орынды иеленді.

Спортшыларымыз бен жаттықтырушыларымызды лайықты нәтижелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта толағай табыс, жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-mzh-sport/press/news/details/1249712?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version