24-25 маусымда Алматы қаласында Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының базасында денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік тыңдау және қауесеттерге қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған екі күндік тренинг өтті.
Іс-шараға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Комитеттің, Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының өкілдері, сондай-ақ аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің мамандары қатысты.
Тренингтің мақсаты – әлеуметтік тыңдау және тәуекелдік коммуникация саласындағы мамандардың әлеуетін нығайту, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы қауесеттерді, жалған ақпаратты және ақпараттық тәуекелдерді анықтау, талдау және оларға ден қою тәсілдерін жетілдіру.
Қатысушылар фактчекинг құралдарын, дағдарыстық коммуникация тәсілдерін, жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл тетіктерін және халықпен тиімді өзара іс-қимыл орнатудың ерекшеліктерін қарастырды. Тәжірибелік бөлімде нақты жағдайлар талданып, дағдарыстық ахуалдар модельденді және ақпараттық қатерлерге ден қою дағдылары пысықталды.
Тренинг MediaNet халықаралық журналистика орталығының сарапшылары мен EpiC Kazakhstan (FHI 360) жобасының қатысуымен ұйымдастырылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар білімдерін қорытынды бағалаудан өткізіп, сертификаттарға ие болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/1249667?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау