«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдерін сақтау бөлігінде ӘРПК талаптарының орындалуы» тақырыбындағы техникалық оқу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Техникалық оқуды «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі  Бас диспетчерлік басқармасы» РММ басшысының орынбасары Шимгамбаев С.М. ашып, қатысушыларға сәлемдесу сөзін айтып, күн тәртібін таныстырды.

     Күн тәртібіне қатысты ұсыныстар мен ескертулер болмағандықтан, баяндамамен Бас диспетчерлік басқармасының заң бөлімінің басшысы Асанбаева Маншүк Сулейменовна сөз сөйледі.

     Техникалық оқу барысында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің негізгі нормалары қаралды. Атап айтқанда, өтініштердің түрлері, оларды қарау мерзімдері, қарау мерзімдерін ұзарту негіздері мен тәртібі, өтініштерді құзыретіне сәйкес жолдау тәртібі, сондай-ақ жекелеген өтініштерді қараудың ерекшеліктері түсіндірілді.

     Сонымен қатар, шағымдарды, сұрау салуларды, хабарламаларды, ұсыныстарды және өзге де өтініштерді қарау кезінде заңнама талаптарын сақтау, оларды қарау мерзімдерін есептеу тәртібі, сондай-ақ ӘРПК талаптарын бұзғаны үшін көзделген жауапкершілік мәселелері түсіндірілді.

     Сондай-ақ, өтініш беруші кері қайтарып алған өтініштер бойынша «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесінің «Кіріс тапсырмалар» сервисі арқылы оларды кері қайтарып алу туралы шешімді уақтылы қабылдау қажеттігі атап өтілді. ӘРПК-нің 76-бабында белгіленген мерзімде мұндай шешім қабылданбаған жағдайда, аталған өтініштер қарау мерзімі бұзылған өтініштер ретінде есепке алынатыны түсіндірілді.

     Техникалық оқу қорытындысы бойынша қатысушыларға жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау барысында ӘРПК талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ заңнамада белгіленген мерзімдердің сақталуына тұрақты бақылау жүргізу ұсынылды.

     Техникалық оқуға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ұйымдастыру-бақылау басқармасының бас сарапшысы Исабекова Айжан Бақытбекқызы қатысып, «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде өтініштерді қарауға қатысты қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-gdu/press/news/details/1249870?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version