ЖЕТІСАЙДА ДІНИ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ЖЕТІСАЙДА ДІНИ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
 
Жетісай ауданында «Заң мен Тәртіп» қағидатын кеңінен насихаттау, деструктивті діни ағымдардың алдын алу және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында арнайы ақпараттық-түсіндіру кездесулері өтті. Ауданның ақ халаттыларымен және пробация есебінде тұратын азаматтармен, ауыл шаруашылығы салысы мен жергілікті тұрғындар арасында өткен басқосуларда қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жастарды теріс діни идеологиялардың ықпалынан қорғау, сондай-ақ, ақпараттық гигиенаны сақтау мәселелері жан-жақты талқыланды.
 
Кездесулерге Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы мен Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Медет Халықов, діни бірлестіктермен байланыстар және мемлекеттік қызметтер көрсету бөлімінің басшысы Фатима Айдарбекова мен аудан әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков, теолог маман Әбділкәрім Болат қатысты.
 
Жиын барысында мамандар қазіргі қоғамдағы діни ахуал, радикалды идеологиялардың таралу қаупі және олардың жеке тұлға мен қоғамға тигізетін кері әсері жөнінде кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, интернет кеңістігі мен әлеуметтік желілердегі жалған және күмәнді ақпараттарға сыни көзқарас қалыптастырудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
 
Спикерлер жастар мен тұрғындарды діни мәселелерде тек ресми әрі сенімді ақпарат көздеріне сүйенуге шақырып, ақпараттық қауіпсіздікті сақтаудың бүгінгі күннің маңызды талаптарының бірі екенін жеткізді. Азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру мен заң талаптарын сақтау қоғамдық тұрақтылықтың негізгі кепілі екені айтылды.
 
Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар беріліп, ұсыныс-пікірлер ортаға салынды. Ашық пікір алмасу форматында өткен жиын тұрғындардың көкейіндегі өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік беріп, қоғамдағы діни тұрақтылық пен бірлікті нығайтуға бағытталған маңызды алаңға айналды.
 
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-zhetisai/press/news/details/1249150?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version