Жолдастық кездесу
Бүгін Ерсін Мұқашев атындағы ЖОББМ-де Көктөбе орта мектебінің оқушылары қонақ болып, жолдастық кездесу өтті.
Кездесу барысында оқушылар спорттық ойындарға қатысып, өзара достық қарым-қатынасты нығайтып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мұндай шаралар оқушылардың ұйымшылдығын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді.
Қонаққа келген Көктөбе орта мектебінің ұжымына алғыс білдіреміз! Достығымыз нығайып, ынтымақтастығымыз арта берсін!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilimmai-edu/press/news/details/1250083?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау