«Жүкті әйелдер мен балалары бар жұмыскерлерге берілетін еңбек кепілдіктері»

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары К. Иманғалиевтың халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында жүкті әйелдерге, балалары бар жұмыскерлерге,  сондай-ақ  бала күтімі жөніндегі демалыста жүрген адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негізгі еңбек кепілдіктерін сұрақ-жауап ретінде түсіндіреді. 

Бала күтімі демалысындағы қызметкерлердің құқықтары

❓Бала күтімі демалысындағы қызметкерлерге қандай әлеуметтік кепілдіктер беріледі?

Аналықты,    әкелікті    және балалық  шақты  қорғау – мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі.

Бала үш жасқа толғанға дейін оны күтуге байланысты демалыс рәсім  деген  ата-аналарға (анасына, әкесіне, асырапалушыға) жұмыс орнының (лауазымының) сақталуына  кепілдік  беріледі.

Мұндай  демалыс  кезеңі еңбек өтіліне  есептеледі. Сонымен  қатар бала бір жарым жасқа толғанға дейін оны күтуге байланысты әлеуметтік төлемдер қарастырылған.

❓3 жасқа дейінгі бала күтімі демалысын кім рәсімдей алады?
Тек  анасы ғана  емес. Мұндай  демалысты  әкесі, жалғыз  басты  ата-ана, балаға нақты күтім жасайтын жақын туысы немесе асырап алушы рәсімдей алады.

❓Жүктілікке  және  босануға  байланысты  қандай демалыс беріледі?
Әйелдің  жүктілікке және босануға байланысты ақылы демалыс алуға құқығы бар:

  • босануға дейін – 70 күн;
  • босанғаннан кейін – 56 күн;
  • босану асқынған жағдайда немесе екі және одан да көп бала туған кезде – босанғаннан кейін 70 күн.

❓Егер жұмыс жүкті әйелдің денсаулығына зиянды болса не істеу керек?
Медициналық қорытынды негізінде жұмыс беруші қызметкерді орташа жалақысын сақтай отырып, жеңіл әрі қауіпсіз жұмысқа ауыстыруға міндетті.

❓Жүкті әйелдің мерзімді еңбек шарты ұзартылама?
Иә. Медициналық анықтама мен өтініш ұсынылған жағдайда жұмыс беруші еңбек шартын бала күтімі демалысы аяқталғанға дейін ұзартуға міндетті.

❓Жүкті әйелді түнгі ауысымға немесе үстеме жұмысқа тартуға бола ма?
Жоқ.  Жүкті әйелдер түнгі, үстеме жұмыстарға, сондай-ақ демалыс және мереке күндеріндегі жұмыстарға жіберілмейді.

❓Бала күтімідемалысыкезіндежұмысорнысақталама?
Иә. Қызметкердің лауазымы мен жұмысорны демалыстың бүкіл кезеңінде сақталады.

❓Бала күтімідемалысы аяқталмай тұрып жұмысқа шығуға бола ма?
Иә. Ол үшін қызметкер жұмыс берушіні кемінде бір ай бұрын хабардар етуі қажет.

❓Баланы тамақтандыруға арналған үзілістер қарастырылған ба?
Иә. Біржарым   жасқа   дейінгі  балалары  бар қызметкерлерге  баланы   тамақтандыру  үшін  қосымша  ақылы  үзілістер  беріледі.

❓Ең жиікездесетінқұқықбұзушылықтарқандай?
Ең   көп  таралған  құқық бұзушылықтар:

  • жүктілікке   байланысты  жұмысқа   қабылдаудан бас тарту;
  • жұмыстан   шығуға   мәжбүрлеу;
  • заңсыз   қысқарту;
  • бала күтімі   демалысын  беруден  бас  тарту;
  • толық  емес  жұмыс  уақытын   белгілеуден бас тарту;
  • бала күтімі   демалысынан   кейін   қызметкерді   жұмысқа   қайта   қабылдаудан бас тарту.

❓Еңбекқұқықтарыбұзылғанжағдайдақайдажүгінукерек?
Жұмыс   беруші   орналасқан  жердегі   мемлекеттік  еңбек   инспекциясының   аумақтық    департаментіне    жүгіну  қажет.

Маңызды:  Заң     жүкті    әйелдердің, ата-аналардың     және   балаларға    күтім   жасайтын    адамдардың    құқықтарын   қорғайды. Жұмыс    беруші   еңбек   заңнамасында    көзделген    кепілдіктерді    сақтауға    міндетті.

https://www.facebook.com/share/v/1GvrVDw5QE/

https://www.instagram.com/reel/DaDM8H2B0KY/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-inspekciya/press/news/details/1248985?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version