2026 жылдың 25 маусымында Облыс әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасымен Қазақстанда 28 маусымда атап өтілетін Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орайластырылған БАҚ өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында конфессияаралық келісім және діни экстремизм мен терроризмнің профилактикасы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға бағытталған материалдарды масс-медиада және өңірдің интернет-кеңістігі алаңдарында әзірлеу, жариялау және ілгерілету мәселелері талқыланды.
Өңірлік журналистиканың дамуына қосқан үлесі және дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелерін жариялағаны үшін Қостанай облысындағы діни тақырыптарды қамтитын журналистер пулының мүшелері алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.
Олардың қатарында Шұға Аңсағанқызы («Қостанай таңы»), Людмила Круглова («Қостанайские новости»), Айдын Жүсіпханұлы («QOSTANAI» ТРК) және Менсулу Малаева («Қостанай-Агро»).
Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Б.С.Букеев журналистерді кәсіби мерекемен құттықтап, дін саласын жариялау мәселелерінде БАҚ пен мемлекеттік органдардың сындарлы ынтымақтастығының маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-din/press/news/details/1248143?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау