1 маусым – Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Мерекелік іс-шара аясында ауыл әкімдігінің ұйымдастыруымен және шаруа қожалықтарының демеушілігімен балаларға балмұздақтар таратылып, мерекелік көңіл-күй сыйланды.
Сонымен қатар, спорт нұсқаушысының ұйымдастыруымен «Мерейлі отбасы» атты отбасылық сайыс өткізілді. Сайысқа қатысқан отбасылар өзара бақ сынап, ұйымшылдықтары мен белсенділіктерін көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша І, ІІ және ІІІ орын иегерлері анықталып, шаруа қожалықтарының демеушілігімен ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Мерекелік шара балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, қатысушылардың ыстық ықыласына бөленді.
Балалардың жарқын мерекесінің жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсетіп, демеушілік танытқан барлық шаруа қожалықтарына шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге толағай табыс, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке және құт-береке тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-tagyly/press/news/details/1250539?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау