Құрметті азаматтар!
2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасында электросамокаттарды пайдалану тәртібіне қатысты бірқатар жаңа талаптар күшіне енді. Аталған өзгерістер жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін арттыруға, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған.
Электросамокаттарды пайдаланушылардың кез-келген санаттағы жүргізуші куәлігінің болуы тиіс.
Электросамокат жүргізушілері жолдың жүру бөлігінде, велосипед жолақтарында қозғалған кезде белгіленген жылдамдық режимін сақтап, өзге де қозғалыс қатысушыларына қауіп төндірмеуі тиіс. Егерде жол жүру ережелерін бұзған жағдайда басқа да жүргізушілер секілді жауапқа тартылады: атап айтқанда: мас күйінде самокат басқару, қарсы бағытта жүру және өзге де құқық бұзушылықтар жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жауапқа тартылады.
Жаңа нормаларға сәйкес жалға берілетін электросамокаттарды тіркеу және сәйкестендіру жүйесі енгізілді. Бұл құқық бұзушылықтар жасаған тұлғаларды анықтауды жеңілдетіп, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1252326?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау