Алакөлде туристерді құтқарған мемлекеттік қызметші марапатталды
Алакөл ауданында адам өмірін сақтап қалған батыл әрекеті үшін Ырғайты ауылдық округінің бас маманы Жандос Нұрғазынұлы аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Ол Алакөл көлінде ауа райы күрт бұзылып, қатты жел мен толқын көтерілген сәтте қауіпке тап болған бірнеше туристі құтқарып, жағаға аман-есен жетуіне көмектесті.
Жандос Нұрғазынұлының батылдығы, азаматтық жауапкершілігі мен жедел әрекеті адам өмірін сақтап қалды.
Алакөл ауданының әкімі Алмас Абдинов оған Алғыс хат табыстап, елге қызмет ету жолындағы жанқиярлық ерлігі үшін алғысын білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhanama/press/news/details/1250825?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау