АҚСАЙ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

АҚСАЙ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Ақсай қаласында толық жаңғыртылған «Қазақстан» теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, тұрғындарды маңызды инфрақұрылымдық нысанның пайдалануға берілуімен құттықтады.Сондай-ақ, шараға Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының бюджет және өңірлік даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Ербол Салықов қатысты.

90 жылдық тарихы бар «Қазақстан» вокзалын жаңғырту жұмыстары аясында ғимарат толық жаңартылып, заманауи сәулеттік келбетке ие болды. Сонымен қатар 2 перрон мен вокзал маңындағы көпір қалпына келтіріліп, инженерлік инфрақұрылым желілері жаңартылды. Айнала абаттандырылып, жолаушылар үшін қолайлы жағдай жасалды.

Айта кетейік, былтыр өңірде 419 мың жолаушы пойызбен қатынаған. Теміржол арқылы 5 млн тонна жүк тасымалданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zko/press/news/details/1251837?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version