Ақтауда «Жасыл ел» еңбек жасағының алғашқы маусымы қорытындыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

30 мамыр күні Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығының ұйымдастыруымен «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының І еңбек маусымының қорытындылау және ІІ еңбек маусымының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Іс-шара барысында Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Заңғар Оразай алғашқы еңбек маусымына қатысқан жастарға қала тазалығы мен көркеюіне қосқан сүбелі үлестері үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ белсенділігімен ерекшеленген жасақ мүшелеріне Ақтау қаласы әкімінің атынан Алғыс хаттар табысталып, олардың адал еңбегі мен қоғамдық белсенділігі жоғары бағаланды.

Өз сөзінде Заңғар Оразай ІІ еңбек маусымына қатысатын жастарға сәттілік тілеп, олардың алдағы уақытта да туған қаланың дамуына өз үлестерін қосып, жауапкершілік пен еңбекқорлықтың жарқын үлгісін көрсететініне сенім білдірді.

Салтанатты шара жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1251748?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version