АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ КЕМЕЛБЕК САБЫРБЕК БАТЫРБЕКҰЛЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Күшаман ауылының мақтанышы – Кемелбек Сабырбек Батырбекұлы тағы бір тарихи жетістікке қол жеткізді! Осы жылдың өзінде қаза күресінен Қазақстан чемпионы атанып, араға бір апта салып самбодан да Қазақстан чемпионы атанған талантты спортшымыз бүгін Филиппин Республикасының Манила қаласында өткен самбодан Азия чемпионатында ел намысын абыроймен қорғады.  Ақтық финалда Монголияның мықты балуанымен белдесіп, сенімді жеңіске жетіп Азия чемпионы атанды. Бұл тынымсыз еңбектің қайсар мінездің, және табанды дайындықтың жемісі. Осындай айтулы жеңісімен Кемелбек Сабырбек Батырбекұлын және оның бапкерлерін шын жүректен құттықтаймыз!  Еліміздің Көк туын Азия төрінде желбіретіп, Мемлекеттік Әнұранымызды шырқатқан жеңіс құтты болсын

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum-kyzylotau/press/news/details/1251114?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version