«Бөрлі ауданының жеті кереметі» туристік-өлкетанулық экспедициясы
2-күн | 29.06.2026 жыл
Экспедицияның екінші күні Қобда ауданындағы лагерьден басталды. Таңғы астан кейін лагерь жиналып, қатысушылар белгіленген маршрут бойынша тарихи-танымдық сапарды жалғастырды.
Алғашқы аялдама – Алмаз ауылы. Одан кейін экспедиция мүшелері Шыңғырлау ауданының Амангелді ауылына барып, жергілікті музейдегі тарихи жәдігерлермен танысып, өлке тарихына қатысты тың мәліметтер жинады.
Түстен кейін оқушылар Успен ауылындағы Баймағамбет сұлтан Айшуақұлының құлпытасында зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ескерткіштің өлшемдерін алып, тарихи жазуларын зерделеді.
Келесі бағыт – Жаңаталап ауылындағы «Қазекеш шәрі» ғибадатханасы. XIX ғасырдың сәулеттік-құрылыс ескерткіші саналатын бұл нысанның тарихымен танысып, оның мәдени мұра ретіндегі құндылығына тоқталды. Сондай-ақ Қарашығанақ ауылындағы көне мектеп ғимаратын аралап, ауылдың білім беру тарихына қатысты құнды деректермен танысты.
Кешкі уақытта экспедиция Ақбұлақ ауылына келіп, жергілікті тұрғындармен кездесулер ұйымдастырды. Күн қорытындысында жиналған өлкетану материалдары жүйеленіп, зерттеу күнделіктері толықтырылды.
Осындай танымдық сапарлар жас зерттеушілердің туған өлкенің тарихы мен мәдени мұрасына деген қызығушылығын арттырып, ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыруға зор үлес қосуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-borli/press/news/details/1250849?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау