Қазіргі цифрлық дәуірде ақпарат тарату тәсілдері түбегейлі өзгерді. Бұрын адамдар қажетті мәліметті кітаптан, газет-журналдан немесе мамандардан іздесе, бүгінде ақпараттың негізгі бөлігі интернет пен әлеуметтік желілер арқылы таралады. Бұл жағдай діни ағартушылық жұмыстардың да жаңа форматқа көшуін талап етуде.
Соңғы жылдары еліміздің өңірлік Дін істері басқармалары мен дін мәселелерін зерттеу орталықтары ақпараттық-ағартушылық бағыттағы жұмыстарды цифрлық кеңістікте белсенді жүргізіп келеді. Әсіресе жастардың ақпаратты әлеуметтік желілер арқылы қабылдайтынын ескерсек, бұл бағыттағы жұмыстардың маңызы арта түсті.
Бүгінде түрлі деструктивті діни ағымдар мен радикалды топтар да интернет мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып отыр. Олар әлеуметтік желілер, бейне платформалар, мессенджерлер мен сайттар арқылы өз идеологияларын насихаттауға тырысады. Сондықтан ақпараттық қауіпсіздік мәселесі діни қауіпсіздікпен тікелей байланысты болып отыр.
Осыған байланысты мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар интернет кеңістігіндегі діни ахуалды тұрақты түрде бақылап, талдау жұмыстарын жүргізуде. Теріс діни түсініктерді?
Әсіресе подкаст форматындағы жобалар жастар арасында үлкен қызығушылық тудырып отыр. Бұл форматта теологтар, дінтанушылар, тарихшылар мен қоғам қайраткерлері өзекті тақырыптарды қарапайым әрі түсінікті тілмен түсіндіруге мүмкіндік алады. Нәтижесінде жастар күмәнді ақпарат көздерінен емес, білікті мамандардан дұрыс мәлімет алуға жол ашады.
Цифрлық ағартушылық жұмыстарының тағы бір артықшылығы – оның кең аудиторияны қамту мүмкіндігі. Бір ғана бейнеролик немесе подкаст мыңдаған адамға жетіп, қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты дұрыс түсінік қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл өз кезегінде радикалды идеологиялардың алдын алу, діни сауаттылықты арттыру және қоғамдағы тұрақтылықты нығайту ісіне қызмет етеді.
Қазіргі жағдайда ақпараттық-ағартушылық жұмыстар тек дәстүрлі кездесулермен шектелмеуі тиіс. Жастар отырған платформаларда сапалы контент ұсыну, әлеуметтік желілерде белсенді болу, заманауи медиа құралдарды тиімді пайдалану – уақыт талабы. Сондықтан өңірлік Дін істері басқармалары мен зерттеу орталықтарының медиа бағыттағы жұмыстары қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңызды тетіктерінің біріне айналып отыр.
Ақпарат ғасырында идеялар үшін күрес ақпарат кеңістігінде жүреді. Сол себепті діни ағартушылық жұмыстары да заман талабына сай жаңарып, цифрлық форматтағы сапалы контент арқылы қоғамға қызмет етуді жалғастыруы қажет.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy-din/press/news/details/1251129?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау