Хабарландыру БЖЗҚ Қордың цифрлық сервистері және алаяқтардан қорғау тақырыбында «Ашық есік күніне» шақырады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 26 маусымда БЖЗҚ ««БЖЗҚ» АҚ-ның цифрлық қызметтері. Қор қызметтерін алу кезінде алаяқтардан және жалған делдалдардан дербес деректерді қорғау» тақырыбында «Ашық есік күнін» онлайн форматта өткізеді.

Іс-шараның мақсаты – салымшылар мен алушыларды БЖЗҚ-ның цифрлық қызметтерімен таныстыру, сондай-ақ Қор қызметтерін қауіпсіз түрде алу және алаяқтар мен жалған делдалдардан дербес деректерді қорғау туралы ақпараттандыруды арттыру.

Кездесу барысында БЖЗҚ мамандары зейнетақы қызметтерінің біразын қашықтан және кез келген ыңғайлы уақытта алуға мүмкіндік беретін Қордың заманауи цифрлық сервистері туралы айтып беретін болады.

Іс-шараның жеке блогы ақпараттық қауіпсіздік және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналады. БЖЗҚ мамандары азаматтар кездестіріп жүрген алдаудың кең таралған схемалары туралы айтып береді, сондай-ақ дербес деректерді қорғау бойынша практикалық ұсынымдар береді.

 

Бұдан басқа, өңірлік бөлімшелердің жауапты қызметкерлері сұрақтарға жауап беріп, іс-шараға келушілерге жеке кеңес береді.         

 

Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» 2026 жылғы 26 маусымда сағат 10-00, 12-00, 15-00-де  онлайн форматта өтеді.

Іс-шараға қатысу үшін әрбір қатысушы сілтеме бойынша өтуі қажет:

1) 26 жылдың 26 маусымындағы   сағат  10-00 сілтеме: https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m0c4dac4ff72a960d45c1674d36af16b1

вебинар нөмірі:   2513 116 1177

вебинар құпия сөзі: 00000

 2) 26 жылдың 26 маусымындағы сағат 12-00 сілтеме: https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m12e91c7fd1691407b4429aa8ad384864

вебинар нөмірі:   2510 659 2817

вебинар құпия сөзі: 00000                                                                                     3)26 жылдың 26 маусымындағы сағат  15-00 сілтеме: https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m5efcd842be9bc0fd047db4d94b57d38b вебинар нөмірі:   2512 845 1948

вебинар құпия сөзі: 00000          

 

 

 «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» өзінің салымшыларын, алушыларын және қатысуға ниет білдіргендерді күтеді! 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-shu/press/news/details/1251576?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version