КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ЕҢБЕК ЕТУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ САҚТАЛУЫН БАҚЫЛАУ БОЙЫНША КЕЗЕКТІ РЕЙД ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі А.М. Ертаевтың төрағалығымен өткен 2026 жылғы 15 маусымдағы аппараттық кеңестің №5.2 хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында 2026 жылғы 1 шілдеде Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы Қ.С. Ерғазинов прокуратура және Өскемен қаласының полиция органдарымен бірлесіп, балалар еңбегін заңсыз пайдаланудың алдын алу, уақтылы анықтау және жолын кесу мақсатында 4 профилактикалық іс-шара (рейд) өткізді. Рейд барысында қоғамдық тамақтану саласындағы 3 нысанға («ЯСИН» дәмханасы,     «Ya Ya» 24/7 асханасы, «Burger King») және 1 сауда-ойынсауық орталығына («ADK») бару жүзеге асырылды.

Рейд барысында жұмыс берушінің кәмелетке толмағандармен еңбек шартын жасамай жұмысқа алуына байланысты еңбек заңнамасын бұзудың 6 фактісі анықталды, оның ішінде 1 материал ҚАК бойынша тіркелді.

Сонымен қатар, іс-шаралар барысында жұмыс берушілерге кәмелетке толмағандарды жұмысқа қабылдау кезіндегі міндеттері, жұмыс уақытының ұзақтығын белгілеу, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың еңбек қызметіне қатысты қолданыстағы шектеулер мен тыйымдар жөнінде еңбек заңнамасының нормалары түсіндірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-enbek/press/news/details/1252121?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version