Кардиология орталығында өрт кезіндегі іс-қимылдар пысықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Атырау қаласындағы облыстық кардиология орталығында өрт-тактикалық жаттығу ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – медициналық мекемеде орын алуы мүмкін өрт жағдайында күштер мен құралдардың дайындығын тексеру және өзара іс-қимылды жетілдіру.

Жаттығу барысында шартты түрде өрт шыққаны туралы хабарлама түсіп, нысан қызметкерлері келушілер мен науқастарды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстарын жүргізді. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндіру бөлімшелері барлау жұмыстарын жүргізіп, шартты өрт ошағын анықтап, оны жою бойынша іс-қимылдарды орындады.

Сонымен қатар, ғимарат ішінде қалған адамдарды іздестіру, құтқару және қауіпсіз аймаққа шығару жұмыстары пысықталды. Жаттығу қорытындысы бойынша қойылған міндеттер толық орындалып, бөлімшелердің дайындық деңгейі оң бағаланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-atyrau/press/news/details/1250549?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version