Бүгін Жасұлан Садуақасовтың төрағалығымен өткен қалалық Қоғамдық кеңестің отырысында қала әкімдігінің 23 мемлекеттік органы мен 2 ведомстволық бағынысты мекемесінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері қаралды.
Отырыс барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері талқыланып, оларды жою және алдағы уақытта алдын алу бойынша ұсыныстар айтылды.
Отырыс қорытындысы бойынша әкімдіктің бөлімдеріне ішкі талдау барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін назарға алып, оларды жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, сондай-ақ облыстық Қоғамдық кеңес мүшелері берген ұсынымдардың орындалуын қамтамасыз ету ұсынылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/press/news/details/1251456?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау