23 маусым күні Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы «Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік» тақырыбында «КСО» базарының қызметкерлерімен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын өткізді.
Кездесу барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамасының негізгі ережелері, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу туралы заң талаптары түсіндірілді. Ерекше назар радикалды діни ағымдардың қызметіне тартылудың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және көпұлтты әрі көпконфессиялы қоғамдағы бейбіт қатар өмір сүру мәдениетін дамыту мәселелеріне аударылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-udr/press/news/details/1252566?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау