Ағымдағы жылдың 26 маусым күні облыс әкімі Нариман Төреғалиев орынбасары Мирас Мүлкәй, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Бергенмен бірге ауданымызға арнайы іссапармен бірнеше нысандарды аралады. Өңір басшысын аудан әкімі Нұрлыбек Даумов қарсы алып, алдымен Мұратсай ауылдық округінде мамыр айында 100 гектар жерге судан шөбін егіп, бүгінде орып, жинау жұмыстарын жүргізіп жатқан “Есқайрат” шаруа қожалығының егіс алқабында болды.
Кейін Бисен ауылішілік жолдарының құрылысы, ұзындығы 18 шақырымды құрайтын Мұратсай ауылына кірме жолының жағдайымен танысып, мердігерлерге жолды сапалы, әрі мерзімінде барлық талаптарға орындалуын тапсырды.
Одан әрі Хан ордасы ауылында өткен жылы бой көтерген “Нарын” спорт кешенін аралап, ауыл тұрғындарымен әңгімелесті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bokeyorda/press/news/details/1251208?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау