С.Сейфуллин атындағы Жетісу облыстық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде «Оқимыз, ойлаймыз, дамимыз» атты танымдық-ойын сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында балалар алдымен бөлім қорындағы жайпақ баспалы және тактильді кітаптармен танысып, олардың ерекшеліктері туралы ақпарат алды. Кейін тактильді суреттер көрмесін тамашалап, бедерлі картиналарды қолмен сипап зерттеу арқылы олардың мазмұнын анықтап, өз ойларын ортаға салды.
Одан кейін «Жұмбақ жәшіктегі жемістер мен сандар» ойынында қатысушылар сипап сезу арқылы жемістерді тауып, оларды санап, логикалық тапсырмаларды орындады. Сондай-ақ командалық «Сипап сезу шеберханасы» ойынында көлемді пазлдарды құрастырып, бедерлі суреттерді ермексазбен безендірді. «Сенім соқпағы» ойыны балалардың өзіне деген сенімін арттырып, ұйымшылдыққа баулыды.
Шара соңында қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, барлық балаларға естелік сыйлықтар табысталып, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1251138?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау