Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай «Bereke Fest» республикалық акциясын өткізу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, ағымдағы жылдың 1–7 шілде аралығында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай «Bereke Fest» республикалық акциясын өткізу жоспарлануда.

Конституция – мемлекеттіліктің негізі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі, қоғамдық келісім мен елдің тұрақты дамуының тірегі болып табылады. Осыған байланысты конституциялық құндылықтарды насихаттауға, азаматтық жауапкершілік пен қоғам бірлігін нығайтуға бағытталған іс-шараларды өткізу ерекше маңызға ие.

Осындай бастамалардың бірі – «Bereke Fest» республикалық акциясы, ол мемлекеттік органдар мен бизнестің қоғамдық маңызы бар жобаларды іске асырудағы күш-жігерін біріктіруге арналған тиімді алаң ретінде өзін дәлелдеді. Атап айтқанда, 2025 жылы Республика күніне орай өткізілген «Bereke Fest» акциясы халық тарапынан оң бағасын алып, сауда желілері мен бөлшек сауда объектілерінің белсенді қатысуының арқасында сәтті жүзеге асырылды.

Осыған орай, Сіздерден «Bereke Fest» акциясын өткізуге жәрдемдесу мүмкіндігін қарастыруларыңызды және оны іске асыруға қатысуларыңызды сұраймыз. Атап айтқанда, сауда объектілерін акция материалдарымен безендіру, акциялық іс-шаралар ұйымдастыру, жекелеген тауар топтарына жеңілдіктер ұсыну, сондай-ақ қолда бар ақпараттық және цифрлық алаңдарда бейнероликтер мен ақпараттық материалдарды орналастыру арқылы қолдау көрсетуіңізді сұраймыз.

Бизнестің осындай бастамаларға қатысуы жоғары әлеуметтік жауапкершілік пен азаматтық ұстанымның көрінісі болып табылады, сондай-ақ жалпыұлттық құндылықтарды нығайтуға, қоғам сенімін арттыруға және отандық сауданың оң имиджін қалыптастыруға ықпал етеді деп сенеміз.

Сіздердің қолдауларыңызға сенім артамыз және бірлескен күш-жігер арқылы Қазақстан Республикасы Конституциясына деген құрметті нығайтуға және еліміздің әл-ауқаты мен өркендеуінің негізінде жатқан құндылықтарды сақтауға бағытталған «Bereke Fest» акциясын лайықты деңгейде өткізетінімізге сенімдіміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-industrial/press/news/details/1251144?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version