Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды бөлімшелік Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қарағанды облысы бойынша филиалының қызметкерлерімен бірлесіп, қалалар, кенттер және станциялар тұрғындарының жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Құрылыс кентінің селитебтік аумағындағы бақылау нүктелерінде кезекті санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті (бұдан әрі – СЭМ) ұйымдастырып, өткізді. СЭМ-нің негізгі мақсаты – әуе кемелерінен туындайтын шу деңгейін бағалау және ұшақтардың ұшып-қонуы кезінде атмосфералық ауаның ластану деңгейін анықтау. Сонымен қатар, қоршаған ортаға әсер ететін факторлар, оның ішінде ластаушы заттардың көрсеткіштері туралы сенімді ақпарат алу және профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін қамтамасыз ету көзделген. Бұл ықтимал қауіптерге уақтылы ден қоюға және олардың әсерін төмендету жөніндегі шараларды әзірлеуге мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері бойынша шудың шекті рұқсат етілген деңгейінен (ШРД) асып кету және атмосфералық ауадағы ластаушы заттардың жоғары концентрациясы анықталған жоқ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1251283?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version