Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметші күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті мемлекеттік қызметшілер!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметші күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекеттік қызмет – бұл ең алдымен халық алдындағы жауапкершілік, қоғам игілігі жолындағы күнделікті еңбек және өз еліңе нақты пайда келтіруге деген ұмтылыс. Азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімі мен олардың тиімді жұмысы сіздердің кәсібиліктеріңізге, адалдықтарыңызға және өз істеріңізге деген беріктіктеріңізге тікелей байланысты.

Сіздерге адал еңбектеріңіз, бастамашылдықтарыңыз және таңдаған жолдарыңызға деген беріктіктеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Баршаңызға зор денсаулық, отбасылық амандық, жұмыстарыңызға табыс пен ертеңгі күнге деген сенім тілеймін.

Сіздердің білімдеріңіз, тәжірибелеріңіз бен күш-қуаттарыңыз алдағы уақытта да облысымыз бен еліміздің дамуына қызмет ете берсін.

Құрметпен,

Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы
Сайлаубек Ерғазыұлы Ещанов

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-oblys-apparaty/press/news/details/1250957?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version