2026 жылғы 26 маусымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия төрағасы Кинцель Евгений Юрьевичтің қатысуымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау отырысы өткізілді.
Отырыс барысында жүргізілген ішкі талдау нәтижелері, анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және олардың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайлар қаралды. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, алдын алу және ұйымдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру бойынша ұсыныстар талқыланды.
Талқылау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және оларды төмендету бойынша жүйелі жұмысты жалғастырудың, қызметтің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етудің маңыздылығы атап өтілді.
Отырыс қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және ұйым қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың тиімділігін арттыру бағыттары айқындалды.
#Сыбайласжемқорлықтәуекелдерінеішкіталдау
#Сыбайласжемқорлыққақарсыісқимыл
#Жарияталқылау
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gask/press/news/details/1251258?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау