Чистопол мәдениет үйнің әдіскері «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында ақпараттық сағат өткізді.
Іс-шараға ауылдық әкімдік, әлеуметтік қызмет және ветеринариялық станция қызметкерлері қатысты.
Ақпараттық сағат барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлық ұғымы, оның түрлері, пайда болу себептері және қоғам мен мемлекет үшін теріс салдары туралы ақпарат ұсынылды. Құқықтық сауаттылықты қалыптастыру, заңдылық, адалдық пен жауапкершілік қағидаларын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы белсенді азаматтық ұстанымның маңыздылығын, сондай-ақ әділ әрі ашық қоғам құрудағы әрбір азаматтың рөлін талқылады. Іс-шара соңында гүлденген болашақ үшін сыбайлас жемқорлық көріністерімен күресуде бірлескен күш-жігердің қажеттілігі атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-chistopolye/press/news/details/1252591?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау