Сырдария ауданында Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастамасымен азаматтардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған ашық форматтағы кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараға аудан тұрғындары, оның ішінде алаяқтардың құрбаны болу қаупі жоғары осал топ өкілдері қатысты. Кездесу барысында департамент қызметкерлері қазіргі таңда кеңінен таралған алаяқтық әрекеттердің түрлері, олардың қолданатын айла-тәсілдері және мұндай қылмыстардың құрбаны болмаудың тиімді жолдары туралы жан-жақты ақпарат берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-kyzylorda/press/news/details/1252203?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау