Жыланды ауылдық округінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында елді мекендердің санитарлық тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.
Акция аясында қоғамдық орындарға тазалық пен өрт қауіпсіздігі ережелерін насихаттайтын ақпараттық баннерлер орналастырылып, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылуда. Сонымен қатар, аумақтардың тазалығын сақтау, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүйелі бақылауда.
Жыланды ауылдық округі әкімдігі барлық тұрғындарды қоршаған ортаны таза ұстауға, қоғамдық тәртіпті сақтауға және туған жердің көркеюіне бірлесе үлес қосуға шақырады. Таза ауыл – әрбір азаматтың жауапкершілігі мен ортақ міндеті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhylandy/press/news/details/1252416?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау