Орал қаласында сауда нысандарына қатысты жасалған екі ұрлық дерегі тіркелді. Тергеу барысында күдіктінің дүкендерге заңсыз кіріп, велосипедті, туристік жабдықтарды және өзге де мүліктерді ұрлағаны анықталды. Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 470 мың теңгеден асты.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол – Орал қаласының 30 жастағы тұрғыны.
Сонымен қатар, Бөрлі ауданының криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің құқыққа қайшы әрекетінің үшінші дерегін ашты. Аталған қылмыс Бөрлі ауданының Ақсай қаласында жасалған. Анықталғандай, ер адам сауда дүңгіршегіне заңсыз кіріп, ақшалай қаражатты ұрлаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталып, ұрланған мүліктің бір бөлігі тәркіленді.
Аталған барлық деректер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
⚠️ Полиция азаматтарды қырағы болуға, өз мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдауға және күдікті адамдарды немесе құқыққа қайшы әрекеттерді байқасаңыздар, дереу «102» арнасына хабарлауға шақырады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zko/press/news/details/1252441?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау