“Ұлттық мұра – домбыра үні”

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұлттық Домбыра күніне орай Арқарлы ауылдық округінің кітапханашысы ұлттық өнерді ұлықтауға арналған тағылымды шара ұйымдастырды. Іс-шара барысында қатысушылар қазақтың қасиетті домбырасы туралы мағлұмат алып, күйдің шығу тарихымен танысты. Жастар мен өнерпаздар домбырамен күй орындап, қазақ халқының бай рухани мұрасын дәріптеді. Сонымен қатар, кітап көрмесі ұйымдастырылып, домбыра өнері мен қазақ мәдениетіне арналған әдебиеттер оқырман назарына ұсынылды. Мұндай шаралардың мақсаты – жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырып, халқымыздың төл өнерін насихаттау және рухани мұрамызды келер ұрпаққа жеткізу. 

 
 
 
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-arkarly/press/news/details/1250690?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version