«Заң мен тәртіп» идиологемасын ілгерілету мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облысы әкімдігінің Балалардың құқықтарын қорғау басқармасында «Заң мен тәртіп» идеологемасын ілгерілету жөніндегі түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру мәселесіне арналған жұмыс отырысы өтті. Жиынға басқарма басшысы Эльмира Мырза-Ғали, бөлім басшысы Данияр Ебелекбаев және басқарма қызметкерлері қатысты.

Жиын барысында «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдаманың негізгі бағыттары таныстырылды. Атап айтқанда, қоғамда құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру, балаларға құқықтық тәрбиені отбасынан бастап білім беру ұйымдарында күшейту, бұқаралық ақпарат құралдары мен жаңа медианың мүмкіндіктерін пайдалану арқылы құқықтық құндылықтарды насихаттау, сондай-ақ азаматтардың заңға бағыну жауапкершілігін арттыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар тұрғындар арасында үздіксіз түсіндіру жұмыстарын жүргізу, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын күшейту және құқық бұзушылықтың алдын алуда қоғамдық жауапкершілікті арттырудың маңыздылығы айтылды.

Кеңес қорытындысында қатысушылар «Заң мен тәртіп» қағидатын қоғамда орнықтыру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу балалардың құқықтарын қорғаудың маңызды тетіктерінің бірі екенін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/childrenrights-zhambyl/press/news/details/1251447?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version