Құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Оразбек Бекарыс мемлекеттік қызметшінің антын қабылдады
Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында Алматы қаласы Әділет департаментінің Құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Оразбек Бекарыс салтанатты түрде мемлекеттік қызметшінің антын қабылдады.
Ант қабылдау рәсімі – мемлекеттік қызметтің қағидаттарына адалдықтың, заң үстемдігін сақтаудың және халыққа кәсіби әрі адал қызмет етудің маңызды белгісі.
Алматы қаласы Әділет департаменті Оразбек Бекарысты мемлекеттік қызметке қадам басуымен құттықтап, жауапты қызметінде толағай табыс, кәсіби жетістіктер және ел игілігі жолындағы еңбегіне сәттілік тілейді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-almaty/press/news/details/1250970?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау