№79 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтарға білім беру бағдарламасын сәтті аяқтағаны үшін дипломдар табысталды.
Іс-шараның басты мақсаты – сотталғандардың білім деңгейін арттыруға қолдау көрсету, олардың қоғамға бейімделуіне ықпал ету және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды игеруге ынталандыру.
Салтанатты шара барысында оқу бағдарламасын ойдағыдай аяқтаған түлектерге дипломдар табысталып, алдағы өмір жолында сәттілік пен жаңа жетістіктер тіленді. Іс-шара қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, олардың жаңа өмірге деген сенімін нығайтты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisatyrau/press/news/details/1254745?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау