🍉🥒🐟 «Адал адам» – мәдени-тәрбие беру орталығының «Креативті хаб» бағыты бойынша «Табиғат сыйлаған тәттілер» атты бау-бақша және балық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай ауылдық клубы мен Шәкен ауылдық клубының бірлескен ұйымдастыруымен Шәкен ауылында «Табиғат сыйлаған тәттілер» атты бау-бақша және балық өнімдерінің жәрмеңкесі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

       Жәрмеңкеде Абай ауылдық клубының ұжымы табиғи әрі сапалы бау-бақша өнімдерін, сондай-ақ жаңа ауланған балық пен түрлі балық өнімдерін ауыл тұрғындарының назарына ұсынып, қолжетімді бағамен саудалады. Тұрғындар өздеріне қажетті жеміс-жидек, көкөніс және балық өнімдерін сатып алып, шараның ұйымдастырылуына ризашылықтарын білдірді.

      Осындай игі бастамалар ауылдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, жергілікті еңбек адамдарының еңбегін насихаттауға, табиғи әрі сапалы өнімдерді тұрғындарға қолжетімді бағамен ұсынуға мүмкіндік береді.

      Абай ауылдық клубы мен Шәкен ауылдық клубының ұжымдары алдағы уақытта да ауыл тұрғындары үшін берекелі әрі тағылымы мол бірлескен іс-шараларды жалғастыра бермек.

 Береке – бірліктен, молшылық – еңбектен! Табиғаттың сыйын бағалайық!
#АдалАдам #КреативтіХаб #ТабиғатСыйлағанТәттілер #АбайАуылдықКлубы #ШәкенАуылдықКлубы #БауБақшаЖәрмеңкесі #БалықӨнімдері #ТабиғиӨнім #АуылБерекесі #БірлікБарЖердеБерекеБар #АуылМәдениеті

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly-sarykol/press/news/details/1254695?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version