✅ 2026 жылғы 3 шілдеде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Әліш Амангелді Салхудинұлы әлеуметтік желі қолданушыларының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында еңбек заңнамасын сақтау және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша бейнетүсіндірме ұсынды.
Бейнетүсіндірмеде келесі тақырыптар қамтылды:
• еңбек заңнамасының сақталуын тексеру және мемлекеттік бақылау;
• жоспардан тыс тексерулердің жүргізілу негіздері;
• тексеру жүргізу кезінде жұмыс берушінің құқықтары;
• мемлекеттік еңбек инспекторының нұсқамасын орындау тәртібі.
📌Бейнематериалда аталған мәселелер бойынша қолданыстағы еңбек заңнамасының талаптары мен оларды қолдану тәртібі жан-жақты түсіндірілді
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1253521?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау