🔰КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫНА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖАЛҒАСУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

⚜️Мемлекеттік еңбек инспекторы Қаңлыбай Ернұр Сейтқалиұлымен 8 шілде күні Сауран ауданы, Шорнақ және Қызыләскер ауылдық округтерінде еңбек заңнамасының талаптарын түсіндіру, кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтарының сақталуына мониторинг жүргізу және еңбек қатынастары саласындағы құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында профилактикалық рейд ұйымдастырылды.

👥 Іс-шараға Сауран аудандық полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Құралбай Досмұхамед, Отбасын қолдау орталығының өкілі Балтабай Дастан Сабыржанұлы, Сауран аудандық білім бөлімінің маманы Мәшүр Серік Ілесұлы және Мансап орталығының маманы Бейсетай Ақжан Бауыржанқызы қатысты.

📍 Рейд аясында барлығы 33 кәсіпкерлік нысаны қамтылды. Атап айтқанда:

▪️ сауда нысандары – 12 (Бек Март, Жанар, Толқын Ата дүкені,  Толқын Ата – «1000 түрлі заттар», Шахнур, Асанова Бану, Шаукат, Sauran Market , , «Малика Маркет» , «Сауда Like» ЖК дүкендері және  «Миллион» құрылыс материалдары дүкені, «Мұхамедәлі» ЖК  ет дүкені,);

▪️ қоғамдық тамақтану орындары – 12 (Малика, Аяла, «Асхана», «Шухрат» ЖК асханалары, «Айбек» ЖК донер, «Саида» ЖК тандыр самса, «Хадия» ЖК тандыр нан, «Мұхамедәлі»  ЖК шашлық орталығы, «Таба» ЖК ұлттық тағамдар асханасы, «Асанова» ЖК  кафесі, «Юлдуз Чикен» ЖК, «Юлдуз Торт» ЖК);

▪️ автокөлікке қызмет көрсету нысандары – 6 (Нұрай АЗС, «Асанова» ЖК, «Юлдуз» ЖК автокөлік жуу қызметтері, «Толқын Ата» және « Sauran» ЖК шина жөндеу қызметтері, «Мұхамедәлі»  ЖК техникалық байқау орталығы);

▪️ қызмет көрсету нысандары – 3 («Айдана» ЖК бильярд клубы,  «Хамкат» ЖК шаштаразы, «Наз сұлулық» ЖК сұлулық салоны).

Рейд барысында кәсіпкерлерге кәмелетке толмағандарды жұмысқа қабылдау кезінде Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарын сақтау, еңбек шарттарын заңнамаға сәйкес рәсімдеу туралы жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1254960?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version