🔹 2026 жылғы 2 шілдеде Төлеби ауданында орналасқан «Энерго-РЭМ» ЖШС-де орын алған жазатайым оқиғаға байланысты Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды бақылау бөлімінің бас маманы – мемлекеттік еңбек инспекторы Дүрменов Рауан Жұмаділләұлы тарапынан тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілді.
🔹 Тергеп-тексеру барысында Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуы, қызметкерлердің еңбек құқықтарының қорғалуы, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының орындалуы зерделенді.
🔹 Сонымен қатар, жазатайым оқиғаның орын алу себептері мен мән-жайлары анықталып, өндірістегі еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарының сақталуына құқықтық баға берілді. Тергеп-тексеру нәтижелері қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес рәсімделетін болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1254855?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау