«Жазда қыстың қамын ойла» — ата-бабамыздан қалған бұл даналық сөз әсіресе төрт түлігін өсіріп, ата кәсіпті нәсіп еткен шаруалар үшін басты қағида. Осы орайда, алдағы 2026-2027 жылдардың қыс айларында мал азығынан тапшылық көрмеу мақсатында Бозой ауылдық округіне қарасты “Ақжол” шаруа қожалығы қызу жұмысқа кірісіп кетті.
Бүгінде қожалық иелігіндегі пішендік алқаптарда шөп шабу науқаны қарқынды жүріп жатыр. Дала төсіндегі жасыл желек орылып, қысқы мал азығы ретінде Бозой ауылына тасымалдануда. Шаруашылық басшысы Н. Лекеровтің айтуынша, мал азығын ерте бастан және сапалы дайындап алу — қыстан қысылмай шығудың бірден-бір кепілі.
Қазіргі таңда техникалар сайланып, жұмыс күші толық жұмылдырылған. Дала қосындағы еңбеккерлер күннің ыстығына қарамай, уақытпен санаспай еңбек етуде. Орылған шөп дер кезінде басылып, ауылға қарай жөнелтіліп жатыр.
Малы тоқ, қайран еліміздің берекесін кіргізіп отырған “Ақжол” шаруа қожалығының ұжымына және оның жетекшісі Н. Лекеровке атқарып жатқан игілікті істерінде сәттілік пен береке тілейміз! Еңбектеріңіз жемісті, қыс айлары мал-жанға жайлы болсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-bozoy/press/news/details/1254378?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау