АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖОЛЫНДАҒЫ АСЫЛ МІНДЕТ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

18 маусым күні аудан әкімі Рүстем Мұқашұлы Елубаев аудандық аурухана ұжымын кәсіби мерекесі – Медицина қызметкерлері күнімен құттықтады.
Осы күні аудан басшысы аудандық ауруханаға барып, конференц-залда өткен салтанатты іс-шараға қатысты. Мерекелік жиынға дәрігерлер, орта және кіші буын медицина қызметкерлері, сондай-ақ денсаулық сақтау саласының ардагерлері қатысты.
Жиналған қауым алдында сөз сөйлеген Рүстем Мұқашұлы медицина қызметкерлерінің қоғам өміріндегі ерекше орнына тоқталып, олардың жоғары кәсібилігіне, таңдаған мамандығына адалдығына және аудан тұрғындарының денсаулығы мен әл-ауқатын сақтау жолындағы күнделікті еңбегіне ризашылығын білдірді. Ол медицина мамандығы терең білім мен зор жауапкершілікті ғана емес, сонымен қатар жанашырлықты, төзімділікті және адамға деген қамқорлықты талап ететінін атап өтті.
Іс-шара барысында аудандық аурухананың бірқатар үздік қызметкерлері адал еңбегі, ауданның денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі және кәсіби қызметтегі жетістіктері үшін Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталды.
Мерекелік көңіл күйді аудандық мәдениет үйі ұжымы ұйымдастырған шағын концерт толықтырды. Медицина қызметкерлеріне арналған әндер орындалып, жүрекжарды тілектер айтылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Салтанатты іс-шара ақ халатты абзал жандарға деген шынайы құрмет пен алғысты білдірудің жарқын көрінісіне айналды. Халық денсаулығын қорғау жолындағы олардың жанқиярлық еңбегі, кәсіби шеберлігі мен өз мамандығына деген адалдығы әрдайым жоғары бағалауға лайық.
Мереке соңында қатысушыларға зор денсаулық, отбасылық амандық, қызметтеріне табыс және аудан тұрғындарының игілігі жолындағы еңбектеріне жаңа жетістіктер тіленді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-akzhar/press/news/details/1254336?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version