Қарағанды облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қорлан Сәбетқызы Бекимова 2026 жылдың 28 сәуірінде Қарағанды облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының ұжымымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау туралы семинар өткізді. Мемлекеттік қызметті атқару — қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды. Қоғам мемлекеттік қызметшілер өздерінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өздері жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өз Отаны — Қазақстан Республикасына бейтарап әрі адал қызмет етеді деп сенеді. Семинар барысында мемлекеттік қызметшінің моральдық-этикалық бейнесі және Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-mob/press/news/details/1253244?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау