Алакөл ауданының әкімі Үшарал қаласының тұрғындарымен кездесті
8 шілдеде Алакөл ауданының әкімі Алмас Сапарғалиұлы Абдинов Үшарал қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылым, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, абаттандыру, жолдарды жөндеу, инженерлік желілерді жаңғырту және өзге де өзекті мәселелер талқыланды.
Тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Көтерілген мәселелер бойынша аудан әкімі жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуы бақылауда болатынын атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol/press/news/details/1255115?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау