Алдабергенов ауылдық округінде мемлекеттік қызметтер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алдабергенов ауылдық округі әкімшілігі тұрғындарға қолайлы әрі сапалы қызмет көрсету мақсатында жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер бойынша тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.

          Бүгінде Алдабергенов ауылдық округі әкімшілігі төмендегі 5 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді:

  1. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
  2. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқық алу;
  3. Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден немесе бөліп төлеу арқылы сату;
  4. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;
  5. Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру.

          Осы мемлекеттік қызметтерді тұрғындарға кеңінен таныстыру және оларды алу тәртібін түсіндіру мақсатында ауылдық округ аумағында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шара барысында тұрғындарға мемлекеттік қызметтердің түрлері, қажетті құжаттар тізбесі, қызмет көрсету мерзімдері және өтініш беру тәртібі туралы жан-жақты ақпарат берілді.

         Сонымен қатар, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және мемлекеттік қызметтерді тиімді пайдалануына ықпал ету мақсатында арнайы дайындалған ақпараттық жадынамалар таратылды. Тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті мамандардан нақты жауаптар алды.

Алдағы уақытта да Алдабергенов ауылдық округі әкімшілігі мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырады. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға және тұрғындардың уақытылы әрі сапалы қызмет алуына мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy-aldarbergenov/press/news/details/1254998?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version