Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында жаңа Конституцияның күшіне енуіне арналған жиналыс өтті.
Жиналысты аша отырып, басқарма басшысының міндетін атқарушы А. Ібікенов 2026 жылғы 1 шілдеден бастап 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конститутуциясы күшіне енетінін атап өтті.
Жиналыс барысында ұжым қызметкерлеріне елдің негізгі Заңына енгізілген тұжырымдамалық өзгерістер, олардың мемлекеттің одан әрі дамуы, әділеттілік қағидаттарын нығайту, заң үстемдігін қамтамасыз ету және мемлекеттік институттардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттырудағы маңызы түсіндірілді.
Сондай-ақ, қоғаммен кең көлемде диалог жүргізудің және азаматтарды негізгі Заңдағы негізгі өзгерістер туралы жан-жақты ақпараттандырудың маңыздылығы атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-economika/press/news/details/1254552?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау