Ақтау қаласы аумағындағы дәмханалар мен барларда кезекті рейдтік-профилактикалық іс-шаралар жүргізілді.
Тексеру барысында ойын-сауық орындарында түнгі уақытта заңды өкілдерінің (ата-анасының немесе қамқоршыларының) еріп жүруінсіз болған кәмелетке толмағандар анықталды.
Аталған құқық бұзушылықтар бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қабылданды.
Ақтау қаласының Полиция басқармасы ойын-сауық мекемелерінің иелері мен азаматтарды кәмелетке толмағандардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
Профилактикалық рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.
Ақтау қаласының Полиция басқармасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1255133?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау