Ақтау қаласының Арнайы қабылдау орталығында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылық жасаған тұлғалармен профилактикалық кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтардың қайталануына жол бермеу, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың заң талаптарын сақтау жауапкершілігін күшейту және отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу.
Кездесу барысында қатысушыларға қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, құқық бұзушылықтың салдары мен заңда көзделген жауапкершілік туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, отбасындағы өзара сыйластық, дау-жанжалдарды бейбіт жолмен шешу және қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ақтау қаласының Полиция басқармасы азаматтарды заң талаптарын қатаң сақтауға және отбасылық-тұрмыстық қатынастарда құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады.
Ақтау қаласының Полиция басқармасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1255130?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау